Баландин көлігінің айнасын ұрлаған күдіктінің жеке тұлғасы анықталды

1 Сәуір 2019, 17:15
2646
Бөлісу:
Баландин көлігінің айнасын ұрлаған күдіктінің жеке тұлғасы анықталды

Алматы, BAQ.KZ. Қаланың Криминалдық полиция басқармасы қызметкерлерінің көмегімен Дмитрий Баландиннің көлігінің айнасын ұрлаған күдіктінің жеке басы анықталды. Бұл туралы Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі хабарлады. 

Қазір өзгенің затын ұрлау фактісі бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасымен ҚР ҚК-нің 188 бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Қаланың Криминалдық полиция басқармасы қызметкерлерінің көмегімен осы қылмысты ашуға бағытталған жедел-іздестіру және арнайы іс-шаралар кешені жүзеге асырылуда. Қадағалау камераларынан деректер талданған.

«Қаскөйдің жеке басы анықталды. Оны қолға түсіру – уақыт еншісінде. Қазіргі уақытта жедел-іздестіру қызметкерлерімен ұрланған айнаны іздестіру және тәркілеу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты ұрланған мүлікті сатуы мүмкін деген жерлер тексерілуде», - делінген хабарламада.

Криминалдық полиция басқармасының мәліметінше, күдікті сол түні және сол жерде «Ренж Ровер» маркалы автокөліктің айналарын ұрлап кеткен. Бұл іс бойынша тергеу жүргізілуде.

Жалпы Алматыда осы жылы ұрлық саны өткен жылмен салыстырғанда 2,4 есеге азайған, осыған ұқсас сипаттағы ұрлықтардың жартысынан астамы «ізін суытпай» анықталған.


Өзгелердің жаңалығы