Баламалы энергияны дамытуға бағытталған келісім орнатылды 

1 Қыркүйек 2020, 19:25
1300
Бөлісу:
Баламалы энергияны дамытуға бағытталған келісім орнатылды  

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Quest Ventures пен Astana Hub халықаралық IT-стартаптар технопаркі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Бұл келісім Қазақстандағы даму институттары арасында стартаптар мен баламалы энергияны дамытудың бірыңғай экожүйесін құруға бағытталған.
Тараптар Қазақстанда стартаптарды дамытуға бағытталған бірлескен серіктестік қызметті жүргізу туралы, сондай-ақ бағдарламалар мен іс-шараларды іске асыруға көмек көрсету туралы келісті.Astana Hub Qaztech Ventures-пен бірлесіп, Quest Ventures өткізетін «Kazakhstan Digital Accelerator» акселерациялық бағдарламасының келесі сессияларын өткізу үшін платформасы ретінде қолдануы жоспарланады, - делінген хабарламада.
колоборация.jpeg


 Өз кезегінде Astana Hub «Бизнес-періштелікті дамыту» және «Roadshow бағдарламасы» сияқты бағдарламаларды өткізу кезінде Quest Ventures менторлық, сараптамалық және консультациялық қолдау, қордың спикерлерін ұсыну түрінде белсенді қатысатын болады.



Өзгелердің жаңалығы