"Балалық шақ және білімсіздік". Сарапшы тиран еркектің қайдан шығатынын айтты

6 Желтоқсан 2023, 13:46
3730
Бөлісу:
"Балалық шақ және білімсіздік". Сарапшы тиран еркектің қайдан шығатынын айтты
Фото: © Pixabay.com

Отбасы және гендерлік саясат зерттеу орталығының сарапшысы Арна Дүйсенова ерлі-зайыптылардың арасындағы даулар неден болатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазіргі таңда ІІМ Германия елінің ODARA жүйесін тестілеп жатыр. Бұл - тұрмыстағы зорлық - зомбылық тәуекелін бағалау, яғни бұрын зорлық көрсеткен адамның осыны қайтадан жасау ықтималдығын анықтау үшін қолданылатын құрал. Алайда қай елдің заңнамасынан үлгі алу керек екенін нақты айта алмаймыз. Десе де бізге қазір агрессорлармен жұмыс істеу тәжірибесімен алмасу қажет, - деді сарапшы.

Оның атап өтуінше, агрессорларға қатысты озық тәжірибелер екі негізгі компоненттен тұрады: 

1) дауларды шешудің және қалпына келтіретін сот төрелігінің балама әдістерін қолдану 

2) агрессорларды психологиялық түзету практикасын қолдану.

Сондай-ақ спикер зерттеулер нәтижесінен мынандай түйін жасауға болатынын айтады:

1. Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықты тудыратын ішкі факторларға алкогольге немесе есірткіге тәуелділік, психикалық және психологиялық аурулар, шамадан тыс агрессивтілік және т.б. негізгі себептер жатады.

2. Сырттан әсер ететін факторлар – өмір сүру деңгейінің төмендігі, тұрақты табыстың болмауы, білімнің төмендігі және т.б. Алайда материалдық проблемалардан басқа, адамның балалық шағында болған жағдайлардың әсерін де, әсіресе егер бала кезінде адамның өзі отбасындағы ересек туыстары тарапынан зорлық-зомбылыққа ұшыраған болса, оны да ескерген жөн.

Өзгелердің жаңалығы