Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап көп балалы отбасыларға табысына қарамай төленетін мемлекеттік жәрдемақы енгізілді. Жәрдемақы отбасының бала санына қарай беріледі.
Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.
Министрлік атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің қолданыстағы жүйесін жетілдіру мақсатында жаңа заң жобасын әзірлеген. Заң жобасына бірнеше шарттар қосылды.
Солардың бірі – көп балалы отбасындағы еңбекке қабілетті мүшелері мемлекет ұсынған жұмысқа орналасуы тиіс. Бұл шарт орындалмаған жағдайда барлық отбасы мүшелеріне атаулы әлеуметтік көмек тоқтатылады, - деді ведомствоның баспасөз қызметі.
Яғни, көп балалы отбасыларға олардың табысын ескермей, тек отбасындағы балалардың санына байланысты сараланған жәрдемақы түрі енгізілетін болады.
Айта кетейік, қазір елімізде 340 мыңнан астам көп балалы отбасы бар.