Балалы әкені ұрған Шүменов бас бостандығынан айырылуы мүмкін

13 Шілде 2023, 15:40
785
Бөлісу:
Балалы әкені ұрған Шүменов бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Фото: Egov.press телеграмындағы видеодан скрин

Қазір ҚР ҚК-нің 293-бабымен бабы, яғни бұзақылық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Еске салсақ, 18 маусымда кеше Астанадағы MEGA SILK WAY сауда-ойын-сауық орталықталығында төбелес болды. Белгілі болғандай, бала көтерген ер адамды соққыға жыққан белгілі спортшы Бейбіт Шүменов екені анықталды. Ішкі істер вице-министрі Қайрат Сүнтаев осы жайтқа қатысты пікір білдірді. Ол бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғаныны, қылмыс ауыр емес екенін айтты. Кейіннен әлем чемпионы, белгілі боксшы Бейбіт Шүменов әлеуметтік желісінде жазба қалдырып, оқиғаның қалай болғанын айтып берді.

ІІМ осы іске қатысты түсініктеме берді.

ІІМ "MEGA SILK WAY" СОО-дағы бұзақылықты тергеуді жалғастыруда. Ағымдағы жылдың 18 маусымында Астанадағы "MEGA SILK WAY" СОО-дағы кафелердің бірінде қоғамдық тәртіп бұзылып, келушілердің бірі екіншісін ұрып-соққан. Қазіргі уақытта осы факт бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабымен (Бұзақылық) сотқа дейінгі тергеу басталды, ол 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді. Ішкі істер органдары барлық қажетті жедел-тергеу іс-шараларын жүргізуде. Олардың нәтижелері бойынша құқықтық баға берілетін болады, - делінген ведомство ақпаратында.

Өзгелердің жаңалығы