Балалары мен гүлдерін қатар мәпелеген ана

22 Ақпан 2023, 10:34
2328
Бөлісу:
Балалары мен гүлдерін қатар мәпелеген ана
PHOTO
Фото: Жетісу облысының баспасөз қызметі

Талдықорған өңірінің топырағында ыстық құрлықтың төл өсімдігі саналатын гүлдер өсіріле бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Нақтырақ айтсақ, Көксу ауданында көпбалалы аны отбасымен бірге перу лалагүлі атанған альстромерия өсіруді қолға алып, Талдықорған қаласын өз өнімдерімен қамтамасыз етуде. 

Балалары мен гүлдерін қатар мәпелеген ана

Бақ өсіруде тәжірибесі болмаса да, қазір үйінің іргесіндегі учаскедегі 4 сотық жерде сирек кездесетін оңтүстік гүлі альстромерияны жайқалтып өсіріп отыр. Бұл ерекше өсімдік жергілікті жердің климатына толықтай бейімделіп үлгерді. Жылыжай тамшылатып суару жүйесімен қамтамасыз етілген. Ал ісін жаңа бастаған кәсіпкер әйел тәжірибе жинап, болашақта қызғалдақ өсіруге ден қоймақ, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Балалары мен гүлдерін қатар мәпелеген ана

Балжан Нүсіптің айтуынша, ол шаштараз мамандығын меңгерген. Бала күтімімен біраз уақыт үйде отырып, жұмыстан қол үзіп қалғанда, жеке ісін ашу туралы ойлана бастаған. Сөйтіп қолда бар жер учаскесін жылыжай бизнесі ретінде пайдалануға бел шешті. 

Балалары мен гүлдерін қатар мәпелеген ана

Отбасымызбен ұзақ ойланып, жергілікті нарықты зерттеп, біздің өңірде гүл өсіру бағыты олқы екенін түсіндік. Содан қандай гүл өсіру керектігін қарастырдық. Ақыры альстромерия гүліне тоқталдық. Біріншіден, мұнда ондай гүл әзірге өсірілмейді, екіншіден, ол соншалықты кірпияз өсімдік емес, сондықтан оған асқан ерекше күтім қажет деп қиналмаймыз. Дегенмен оны жылыжайда өсіру үшін бірқатар жағдайлар жасау керек. Алдымен, суару жүйесін реттеу керек, жылыжай температурасы +10 градустан төмен болмауы тиіс. Топырақтың сапасы мен тыңайтқыштарына көп көңіл бөлу керек. Осындай жағдай жасағанда өсімдік жыл бойы гүлдейді. Бұл – көп жылдық өсімдік, дегенмен оны әрбір 3 жылда жаңартып отыру керек, - деді Б.Нүсіп.

Балалары мен гүлдерін қатар мәпелеген ана

Жылыжайдағы алғашқы гүлдер өткен жылдың жазында отырғызылған. Ол үшін Алматы қаласынан гүлдің голландиялық сорттың 600 тамыр түйнегі сатып алыныпты. Жалпы альстромерияның отаны Перу мен Чили деп есептеледі.

Балалары мен гүлдерін қатар мәпелеген ана

Бір түбірден 2-3 гүл шоғы шығады. Кез келген бизнесте ең қиыны – тауарды өткізу. Оның үстіне тауарың үлбіреген нәзік гүл болса, оның қиындығы тіпті екі есе. Қазір Талдықорғандағы 7 сауда нүктесімен көтерме бағада жеткізіп беру туралы келісім жасадық. Бөлшек саудамен де айналысамыз, - дейді Балжан.

Балалары мен гүлдерін қатар мәпелеген ана

Жылыжай шаруашылығына отбасы түгел атсалысуда. Бес баланың ішіндегі ересектері, 5, 4 сыныптарда оқитын ұлдары Азамат пен Ерасыл гүлдерді баптауға аналарына көмектеседі. 

Балалары мен гүлдерін қатар мәпелеген ана

Отбасылық бизнестің табысынан бұрын балаларды еңбекке баулуда, тәрбиелеуде пайдасы зор. Ұлым мен келініме, немерелеріме мен де қолымнан келгенше көмек беремін. Жылыжайда гүлдердің арасында жаның жай табады, - дейді Асылхан Өмірбекқызы.

Балалары мен гүлдерін қатар мәпелеген ана

Жас кәсіпкердің алдағы арманы - ол өзінің жеке гүл сататын дүкенін ашқысы келеді. Ол үшін әзірге гүлдің бір түрін ғана өсіру аздық етеді. 

Балалары мен гүлдерін қатар мәпелеген ана

Қазір біздің бос 5 сотық жеріміз бар. Мемлекеттік қолдау шараларына ие болсақ, бизнесті кеңейтіп, қызғалдақ өсіруді де қолға алсақ деймін. Әзірге жеке қаржымызға гүлдің осы бір түрін өсіріп отырмыз. Альстромерия - үзіп алған соң да ұзаққа шыдайтын, кемінде екі апта жайқалып тұратын гүл. Біздің жылыжайымызда өсірген гүлдеріміз көпшілікке қуаныш сыйлап жатса, ол біз үшін де қуаныш, - дейді Балжан Нүсіп.

Балалары мен гүлдерін қатар мәпелеген ана
Балалары мен гүлдерін қатар мәпелеген ана
Балалары мен гүлдерін қатар мәпелеген ана
Өзгелердің жаңалығы