Балаларға вакцина салу мәселесі қаралып жатыр

10 Маусым 2021, 12:50
3516
Бөлісу:
Балаларға вакцина салу мәселесі қаралып жатыр

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұған дейін балаларға неліктен вакцина салынбады? Өйткені ол бойынша зерттеу жүргізілмеді. Қазір балаларға да вакцина салу қажеттілігі туындады. Бұл туралы медицина ғылымдарының докторы, С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің Жұқпалы және тропикалық аурулар кафедрасының профессоры Равиля Егембердиева онлайн брифинг барысында айтты.

Профессордың айтуынша, қазір балалар арасында коронавирус жұқтырып, сырқаттану жағдайы артқан. Осыған байланысты балаларға да коронавирусқа қарсы екпе салу мәселесі туындаған.

Пандемия басталғанда балалар мен жасөспірімдер коронавируспен ауырмайды, оларда жеңіл өтеді деп айтылған болатын. Қазір керісінше балалардың ауыратыны, тіптен ауыр өтетіні туралы деректер бар. Сондықтан балалардың ағзасына екпе салып, зерттеу мәселесі қолға алынып жатыр. Бұл зерттеу жұмыстары қанша уақытқа созылатыны белгісіз. Зерттеу кезінде ерікті балалар таңдап алынып, соларға екпе салынады, ол зерттеу жоқ дегенде жарты жыл көлемінде өтуі мүмкін, - дейді Егембердиева.

Оның айтуынша, қазір көптеген елде балаларға вакцина салу мәселесі қаралып жатыр, ал кейбірі бастап та кеткен.

Ресейде шығарылып жатқан үш вакцинаны да балаларға салуға болады деп отыр. Зерттеу жүргізген соң біз де балаларға вакцина салуды ұсына аламыз деген ойдамын, - деді профессор.

Өзгелердің жаңалығы