Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында депутаттар балаларға Ұлттық қордан қаржы есептеу, оларды төлеу және пайдалану мәселелеріне қатысты заңды талқылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Сенаторлардың айтуынша, заң Мемлекет басшысының 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап «Ұлттық қор – балаларға» жобасын іске қосу қажеттігі туралы тапсырмасын іске асыру мақсатында әзірленген болатын. Ол Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50%-ы балалардың арнайы жинақ шотына 18 жасқа толғанға дейін аударуды көздейді және оны мерзімінен бұрын алу құқығы берілмейді.
Құжат ел азаматтарының жас буынын кәмелетке толған кезде олардың тұрғын үй жағдайын жақсартуға немесе жинақ есебінен білім алуға мүмкіндік беру арқылы қолдауға бағытталған.
Қаражат сонымен қатар мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы және тұрғын үй құрылысы жинағы саласындағы заңнаманың немесе тұрғын үй сатып алу туралы шарттың талаптарын сақтай отырып пайдаланылуы тиіс.