Балаларға тамақ қалдықтарын беріп келген: Мектеп асханасында шу шықты

20 Мамыр 2024, 15:20
5331
Бөлісу:
Балаларға тамақ қалдықтарын беріп келген: Мектеп асханасында шу шықты
Фото: BAQ.KZ -архив

Әлеуметтік желілерде Зеренді ауылындағы мектепте оқушыларға тамақ қалдықтарын беріп келгені жайлы шулы видео тарады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Осы оқиғаға байланысты Ақмола облысы Білім басқармасы ресми мәлімдеме жасады.

Зеренді аудандық білім бөлімінің мәліметінше, қазір бұл мәселе ерекше бақылауға алынған.

Ақмола облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Зеренді аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөліміне Зеренді ауылындағы №1 орта мектептің мектеп асханасына жоспардан тыс тексеру тағайындау туралы сұраныс жіберілді.

«Майданов» жеке кәсіпкер атына келісімшартты мерзімінен бұрын бұзу туралы ұсынысты қарау туралы хабарлама жолданды. Себебі білім бөлімінің қазіргі уақытта санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен тексеру жасамай, біржақты тәртіпте келісімшартты бұзу мүмкіндігі жоқ. Бүгінгі таңда мобильді топ білім беру және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті желісі арқылы қызметтік тексеріс бастады, - делінген облыстық білім басқармасының редакциямызға берген жауабында.

Егер тексеріс нәтижелері бойынша фактілер расталса, онда «Майданов» ЖК-мен тамақтану қызметін көрсету туралы шарт тоқтатылады. Жауапты тұлғалар заңда белгіленген тәртіппен жазаланады.

Өзгелердің жаңалығы