Балаларға да вакцинация құжаты беріле ме?

12 Қараша 2021, 13:02
1882
Бөлісу:
Балаларға да вакцинация құжаты беріле ме?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде вакцинациядан өткен жасөспірімдерге де вакцинация құжаты берілетін болады. Бұл туралы елордалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Вакцина алған соң жасөспірімдерге де вакцинация құжаты жасалады. Электрондық вакцинация құжатын «eGov mobile» мобильдік қосымшасынан жүктеп алуға болады. Коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация туралы QR-коды бар қағазға шығарылған анықтаманы тұрғылықты мекен-жай бойынша медициналық ұйымнан алу қажет, - деді қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

Бүгін Нұр-Сұлтанға «Комирнати» (Pfizer) вакцинациясының алғашқы 35100 дозасы әкелінгені белгілі.

Вакцинациялау бірінші кезекте медициналық мекемелерде, одан кейін мектептер мен ЖОО-да жүргізіледі.

Еске сала кетейік, бұған дейін 63 мыңдай елордалық балаға вакцина салуға мүмкіндік бар екендігі туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы