Балалардың тамақтан улану фактісі бойынша тергеу басталды - Бас прокуратура

1 Тамыз 2023, 11:19
1150
Бөлісу:
Балалардың тамақтан улану фактісі бойынша тергеу басталды - Бас прокуратура
Фото: Артём Чурсинов

Бас прокуратура балалардың тамақтан улану фактісі бойынша «Қарағанды облысының балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ ҚК-нің 304-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

31.07.2023 жылы балалардың тамақтан улану фактісі бойынша «Қарағанды облысының балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ ҚК-нің 304-бабының 2-бөлігі (ауыр зардаптарға әкеп соқтырған санитарлық ережелерді немесе гигиеналық нормативтерді бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - делінген Бас прокуратура таратқан хабарламада.

Қылмыстық іс Қарағанды облысы прокуратурасының арнайы прокурорларының бақылауына қабылданды.

Құқық қорғау және арнайы органдардың тәжірибелі қызметкерлері жұмылдырылып, ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Тергеу шеңберінде жауапты лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне тиісті құқықтық баға берілетін болады.

Елімізде жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балаларға арнаулы медициналық-әлеуметтік қызмет көрсететін 84 мекеме бар (37 балаларға арнаулы медициналық-әлеуметтік қызмет көрсету орталығы, 47 балалар үйі, сондай-ақ 2959 баланы қамтитын отбасын қолдау орталықтары).

Сонымен қатар, Бас прокуратура уәкілетті мемлекеттік органдар мен аумақтық прокурорларға аталған мекемелерді кешенді тексеруді ұйымдастыруды тапсырды.

Еске сала кетсек, Қарағанды облысындағы балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында балалар жаппай уланып, бір бүлдіршін көз жұмған болатын. ДСМ Қарағандыдағы бала өліміне қатысты пікір білдірген еді.

Өзгелердің жаңалығы