Балаларды қорғау күнінің елордадағы көрінісі қандай?

1 Маусым 2022, 16:54
1929
Бөлісу:
Балаларды қорғау күнінің елордадағы көрінісі қандай?
PHOTO
Фото: Ғазиз ШАКИРОВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Халықаралық балаларды қорғау күнінде елордада күн бұлтты болып, термометр бағамы +20 градусқа жетпесе де, қала саябақтары балаларын қыдыртқан ата-аналар мен балаларға толы болды. Оны төмендегі фоторепортаждан тамашалай аласыздар. 

Күн салқын болса да, мейрам сезіліп тұр. Бүгін жұмыс күні болғанына қарамай, отбасымызбен қызымызды қолдауға келіп қалдық. Балаларға тілейтінім денсаулық, әр күні бүгінгідей бақытты болып жүрсін, – деді шолу дөңгелегінің қасында болған концерттік бағдарламада өнер көрсеткен қызына қолдау білдіруге келген қала тұрғыны Жасұлан Амангельдинов.

Балаларды қорғау күнінің елордадағы көрінісі қандай?

Шарманкүл Қазбихан мен Қалампыр Қарбозова елордаға Тараз қаласынан немерелерін қыдырту үшін арнайы келген.

Балалар күнінде немерелерімізді қыдыртуға Тараздан келдік. Өзіміз зейнеткерміз. Демалыс ұнап жатыр. Бірақ балалардың жалғыз мерекесінде ойындарды тегін қылса деген ұсыныс бар, бәрі қымбат, – деп шағымын айтты Қалампыр Қарбозова.

Балаларды қорғау күнінің елордадағы көрінісі қандай?
Балаларды қорғау күнінің елордадағы көрінісі қандай?
Балаларды қорғау күнінің елордадағы көрінісі қандай?
Балаларды қорғау күнінің елордадағы көрінісі қандай?
Балаларды қорғау күнінің елордадағы көрінісі қандай?
Балаларды қорғау күнінің елордадағы көрінісі қандай?
Өзгелердің жаңалығы