Балаларды дамыту орталықтарының қызметі 3% қымбаттады

23 Қаңтар 2024, 19:36
555
Бөлісу:
Балаларды дамыту орталықтарының қызметі 3% қымбаттады
Фото: BAQ.KZ - Архив

Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру саласындағы қызмет бір жылда 6% қымбаттады, деп хабарлайды BAQ.KZ finprom.kz сілтеме жасап.

2023 жылғы желтоқсанның соңында мектепке дейінгі және бастауыш білім беру қызметі бір жылда 5,6%, балаларды дамыту орталықтарының қызметі 2,9% қымбаттады, 

Өңірлер бойынша мектепке дейінгі және бастауыш білім беру қызметі ең көп Ұлытау облысында қымбаттады: бір жылда 29,5%. Одан кейін Батыс Қазақстан (18%) және Шығыс Қазақстан (17,9%) облыстары. Саладағы ең аз жылдық баға өсімі Шымкент қаласында тіркелді: 0,3%.

Балаларды дамыту орталықтары қызметінің қымбаттауы Маңғыстау облысында ең көп болды: бір жылда 26,6%. Бағаның ең аз өсімі Астанада байқалды: 1,5%. Тағы үш өңірде — Ұлытау мен Алматы облыстарында, сондай-ақ Алматыда баға өзгеріссіз қалды.

Балаларды дамыту орталықтарының қызметі 3% қымбаттады

2023 жылдың үшінші тоқсанында мектепке дейінгі білім беру саласындағы қызмет 188,7 млрд теңгені құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан 18,9% артық.

Қызметтің басым бөлігін мемлекеттік компаниялар көрсетті: 108,4 млрд теңге, бір жылда 19,2% көбейген. Жеке компаниялар 79,8 млрд теңгенің (18,7% көбейген), шетелдік компаниялар 489,6 млн теңгенің (3,7% азайған) қызметін көрсетті.

Кәсіпорын көлемі бойынша сектордағы қызметтің ең үлкен көлемін шағын компаниялар көрсетті: 175,9 млрд теңге — бір жыл бұрынғыдан 18,6% артық. Одан кейін орта (11,3 млрд теңге, 21,7% көбейген) және ірі компаниялар (1,5 млрд теңге, 40,9% көбейген).

Балаларды дамыту орталықтарының қызметі 3% қымбаттады

Өңірлер бойынша ең көп қызмет халқы тығыз орналасқан Түркістан облысына тиесілі: 22,8 млрд теңге. Одан кейін Алматы мен Жамбыл облысы келеді. Ең аз қызмет Ұлытау облысында көрсетілген.

2023 жылғы қаңтар–желтоқсанда мектепке дейінгі білім беру саласына негізгі капиталға салынған инвестиция бір жыл бұрынғы 751,2 млн теңгенің орнына 3 млрд теңгеге жетті. Құны бойынша жылдық өсім 3,9 есе болды.

Балаларды дамыту орталықтарының қызметі 3% қымбаттады

Салаға салынған инвестицияның жалпы көлемінің жартысынан астамы — 52,6%-ы Павлодар облысына құйылды, ақшалай 1,6 млрд теңге, бір жыл бұрын 34 млн теңге ғана болған. Екінші және үшінші орында Астана (825,8 млн теңге) және Қостанай облысы (432,2 млн теңге).

Өзгелердің жаңалығы