Балаларды алдап, пәтер тонаған әйел ұсталды

10 Қаңтар 2020, 11:08
9261
Бөлісу:
Балаларды алдап, пәтер тонаған әйел ұсталды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылдың 8 қаңтарында Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері пәтер ұрлығы бойынша күдікті ретінде 50 жастағы Павлодар облысының тұрғынын ұстады. 

Тергеу барысында әйел пәтерде тек балалар қалған үйлерді іздегені анықталды. Ол балаларға "мен ата-анаңның танысымын" деп есікті ашуды сұраған. Кейін түрлі сылтау айтып, пәтерге кіріп, бағалы заттарды тонаған. Күдікті зергерлік бұйымдар мен ақша олжалап отырған, - делінген ведомство хабарламасында.

Әйел бұған дейін еліміздің түрлі қалаларында осындай ұрлық жасағаны үшін бірнеше рет ұсталған. Қазір ұрлық фактісі бойынша ҚР ҚК 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.   

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті осы адамның заңсыз әрекетінен зардап шеккен азаматтарды Бейбітшілік көшесі, 19 мекенжайы бойынша немесе 8 (7172) 71-60-28; 71-60-69 немесе "102" телефонына хабарласуды сұрайды.

квартирница.jpg

Өзгелердің жаңалығы