Балалар жылы. Полиция қызметкерлері Балалар үйіне мерекелік сыйлықтар табыстады

15 Наурыз 2022, 11:14
1721
Бөлісу:
Балалар жылы. Полиция қызметкерлері Балалар үйіне мерекелік сыйлықтар табыстады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің дәстүрлі брифингінде белгілі болды. 

Мемлекет басшысы 2022 жылды еліміздегі балалар жылы деп жариялады. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, «өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы – біздің жалпыұлттық міндетіміз. Олардың әл-ауқаты – мемлекетіміздің табысты болашағының сенімді кепілі». Полиция қызметкерлері қызметтік парызымен қатар, адамгершілік, қамқорлық пен мейірімділік сияқты киелі парыздарды да қастерлейді, - деді модератор Шұғыла Тұрлыбек. 

Оның айтуынша, Наурыз мерекесі қарсаңында ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері бірқатар қайырымдылық іс-шараларын атқарды.

Жеке құрам Нұр-Сұлтан қаласындағы Балалар үйіне мерекелік сыйлықтар табыстады. Департамент басшысы Асқар Мұхаметқалиев балалар үйінің жұмысшыларын көктемгі мерекелерімен құттықтап, тәрбиеленушілеріне мықты денсаулық, отбасыларымен тезірек қауышып, ең бақытты балалар болуын тілектестігін білдірді, - деді ол. 

 

Өзгелердің жаңалығы