Балалар үйінің мәселесі шешілді. Зәкиева пікір білдірді

Бөлісу:
Балалар үйінің мәселесі шешілді. Зәкиева пікір білдірді
Фото: mobillegends.net

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Алматы облысындағы балалар үйіне қатысты мәселе қалай шешілгенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Зәкиева Алматы облысында балалар үйіне қатысты мәселе бойынша облыс әкімімен кездескен.

Кездесудің қорытындысы бойынша Баганашылдағы балалар үйінің тәрбиеленушілері сол жерде қалатын болды. Жаңа ғимарат Нүсіпбаев атындағы интернаттың балаларына беріледі. Бұған дейін ол жердегі қиын жағдай мен балаларға жасалған жағдайдың жеткіліксіздігі туралы жазған едім, - деп айтты уәкіл.

Сөзінше, жаңа ғимараттың бір корпусында Балаларды қолдау орталығы ашылады. Бұл орталыққа барлық ауданнан келетін балалар орналастырылып, оларды қалаға әкелудің қажеті болмайды.

Зәкиева бұл туралы әкімдік толық мәлімет тарататынын айтты.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Алматы облысының №1 балалар үйінің тәрбиеленушілері ғимараттың Алматыдан Қонаевқа көшіріліп жатқанын айтып, наразылық білдірді.

Өзгелердің жаңалығы