Балалар күні қарсаңында сот қызметкерлері көпбалалы отбасыға барды

1 Маусым 2019, 13:29
1541
Бөлісу:
Балалар күні қарсаңында сот қызметкерлері көпбалалы отбасыға барды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық балалар қорғау күнінің қарсаңында Ақтөбе қаласының №2 сотының ұжымы асырауында төрт баласы бар көпбалалы отбасымен кездесті. Бұл туралы Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Елімізде 1 маусым  халықаралық балаларды қорғау күні. Бұл күнді тек біздің ел ғана емес, әлемнің көптеген елдері тойлайды. Халықаралық балалар күні - әлемнің түкпір-түкпіріндегі балаларға қуаныш сыйлайтын мейрам ғана емес, кішкентай балалардың құқығын қорғап, оларға қамқор болуға, әлімжеттік, қысым жасамауға үндейтін мейрам.

"Сот қызметкерлері балаларды мерекемен құттықтап, оларға зор денсаулық, барлық арман-тілектерінің орындалуын тілеп, сондай-ақ жазғы демалыстар қарсаңында жақсы және көңілді мереке өткізгендерін тіледі" - делінген хабарламада.

Өз кезегінде отбасы сот қызметкерлеріне оларға назар аударғандары және қамқорлығы үшін ризашылығын білдірді.

Өзгелердің жаңалығы