Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда 14 жасқа дейінгі балаларды мекенжай бойынша тіркеуге тұрғызбауға болады. Миграциялық заңнаманың өзгерістері 2 аптадан бері күшіне енді.
Бұл туралы Polisia.kz жазады.
ҚР Азаматтың кодексінің 16-бабына сәйкес 14 жасқа дейінгі балалардың тұрғылықты жері ата-анасы немесе қамқоршы тұлғаның тіркелген мекенжайы болып есептеледі.
Солтүстік Қазақстан Миграциялық полиция қызметі басқармасының хабарлауынша, баланың тұрғылықты жерін растайтын құжат керек болса, ақпараттық жүйелерден ата-аналарының біреуінің тіркеуін сұрауға болады.