Балалар коронавирустың «дельта» штамын жиі жұқтыра бастады – Алмаз Шарман

2 Шілде 2021, 10:34
3487
Бөлісу:
Балалар коронавирустың «дельта» штамын жиі жұқтыра бастады – Алмаз Шарман

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Балалар коронавирустың ең қауіпті және агрессивті штаммын жұқтыра бастады. Бұл туралы профессор-иммунолог, Профилактикалық медицина академиясының президенті, америкалық Денсаулық сақтау қауымдастығының мүшесі Алмаз Шарман мәлімдеді.

Оның айтуынша, «дельта» штамын жұқтыру ауруханаға жатқызу мен өлім қаупін едәуір арттырады.

Балалар арасында «дельта» штамын жұқтыру 5 есе жиілей бастады. Яғни COVID-19 вирусы жасарды, бірақ балаларда инфекцияның қаншалықты агрессивті жүретіні әзірге белгісіз. Ересектерге келетін болсақ, «дельта» инфекциясын әлі егілмеген адамдар жұқтыруға бейім. Вакцина кез келген КВИ нұсқаларына қарсы жалғыз тиімді құрал болып қала бермек. Вакцина алғандар өздерінің иммундық жүйесі «дельта» нұсқасынан қорғай алады деп сенімділікпен айта алады. Ал вакцинацияланбағандар пандемияның инфекция мен өлім қаупі өте жоғары болып тұрған ең қауіпті кезеңінде екендіктерін түсінулері керек, - деді Алмаз Шарман.

Ол сонымен бірге, пандемиямен күресудің жалғыз тиімді жолы вакцинация екенін атап өтті. Бүгінгі таңда әлемде КВИ вакцинасының 3 млрд. астам дозасы енгізілген, бұл 100 адамға шамамен 39 дозаны құрайды. Алайда, вакцинациямен негізінен АҚШ, Израиль және Еуропа елдерінің халқы қамтылған. Қазақстанда тұрғындардың тек 17%-ы ғана вакцинаның бірінші компонентін алды.

Айта кетейік, бүгінде елордада 230 мыңға жуық азамат вакцинаның бірінші компонентін қабылдаса, 152 мыңнан астам адам толық иммундаудан өтті.

Өзгелердің жаңалығы