Балалар арасында паралимпиада ойындары өтті

6 Қараша 2019, 13:18
2635
Бөлісу:
Балалар арасында паралимпиада ойындары өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда "Дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған Паралимпиадалық жаттығу орталығы" мен "Тарлан" мұз айдынының қызметін ұйымдастыру"  мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобасын іске асыру шеңберінде алғаш рет балалар арасында паралимпиада ойындары өтті, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Ерекше мүмкіндігі бар 220 бала спорттың 5 түрінен жарысты. Спортшылар елордаға Қазақстан мен Ресейдің түрлі өңірлерінен келді. Балалар паралимпиядалық ойындары "ерекше" балалар арасында бейімделген спорттың бочча, пара үстел теннисі, пара таэквондо, пара каратэ және пара чирлидинг түрінен өтті.

Бұл ретте чирлидинг алғаш рет инклюзивті жарыстар бағдарламасына енгізілгенін айта кеткен жөн. Балалар паралимпиядалық ойындарына бейімделген спорт бойынша ментальды бұзылыстары, БЦП, Даун синдромы бар балалар, сондай-ақ онкологияны жеңген жас спортшылар қатысты. Анара Алмасова – үш "ерекше" баланың анасы. Үлкен ұлы Арыстанбек 17 жаста, ал Нариман – 13 жаста. Екеуінде де ментальды бұзылулар бар. Жыл сайын олар бочча және таэквондомен шұғылданады, тіпті түрлі жарыстарға қатысады.
Спорттың арқасында менің балаларым физикалық жағынан ғана емес, сонымен қатар зияткерлік жағынан да дамып келеді. Ұлым Нариман өте ұзақ уақыт сөйлей алмады, бірақ ол бейімделген дене шынықтырумен айналыса бастағаннан кейін кітапқа қызығушылық танытып, буындарды оқи алатын болды. Қазір ұлым бұрынғыдан шыдамдырақ, - дейді Анара Алмасова.

Бейімделген спорт бүгінгі таңда ерекше қажеттіліктері бар балалардың қимыл-қозғалыс бұзылыстарын түзетудің, физикалық дамуын ынталандыру үшін қажет. Қазір елімізде инклюзивті спорт секциялары ашылып, "ерекше" балаларға дене шынықтыруды оқыту әдістемесі әзірленіп жатыр.


Өзгелердің жаңалығы