Балаева: Ұлтаралық бірлікті қастерлеу – баршаға ортақ міндет

1 Мамыр 2021, 14:10
2138
Бөлісу:
Балаева: Ұлтаралық бірлікті қастерлеу – баршаға ортақ міндет

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биылғы 1-Мамыр жалпыұлттық мерекесінің ел тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейлі датасымен тұспа-тұс келуі көңілге ерекше күй сыйлайды, деп жазды Facebook-тегі парақшасында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева.

Тұңғыш Президентіміз, Елбасымыз іргесін қалаған ұлтаралық татулық пен бірліктің «қазақстандық моделі» шын мәнінде біздің мемлекетіміздің басты баға жетпес қазынасы. Бұл мүмкін кейбіреулер үшін таптаурын сөз саналар. Бірақ, бүгінге дейін біздің еліміздің ішін дау алмай, сыртын жау баспай, ұлтаралық араздық пен дінаралық тартысқа берекемізді бермей, үздіксіз дамып алға жылжуымыз – ішкі тыныштық пен тұрақтылықтың арқасы екені даусыз, - деп жазды министр.

Күні кеше өткен Ассамблеяның кезекті сессиясында Елбасы 5 негізгі қағиданы атады: «Патриотизм». «Азаматтық теңдік». «Мемлекеттік тіл». «Сан түрдің бірлігі». «Ұлттың үздіксіз жаңғыруы». 

Осы 5 ұстаным біздің алдағы даму жолының негізгі бағдары болуы тиіс. Ең бастысы қолда бар басты қазынамыз – ұлтаралық бірлікті қастерлеп, осы құндылықты өскелең ұрпақ  бойына сіңіру – бүгінгі біздің баршамызға ортақ міндет.

Тыныштық пен тұрақтылықтың, сыйластық пен түсіністіктің, құрмет пен келісімнің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі құтты болсын!

Баршаңызды 1-Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі Күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!, - деп жазды Балаева.

Өзгелердің жаңалығы