Балаева: Қазақ елі тағы бір төбесі биік тарланынан айырылды

<p> </p> <div> Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева&nbsp;Шот-Аман Уәлиханның&nbsp;қазасына&nbsp;байланысты көңіл айтты. </div> <br>

 31 Наурыз 2021 2021, 16:30
31 Наурыз 2021 2021, 16:30
2062

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Шот-Аман Уәлиханның қазасына байланысты көңіл айтты.

Бұл туралы ол Facebook-тегі парақшасында жазды.

89 жасқа қараған шағында Қазақстан Елтаңбасының авторы, танымал мүсінші, белгілі архитектор Шот-Аман Уәлихан ағамыз дүние салды. Сөз жоқ, бүгін осынау орны толмас қайғыға Шот-Аман ағамыздың отбасы, айнала-жақындарымен бірге оның тарихи тұлғасын әспеттеген бүкіл қазақ елі ортақтасып жатыр. Өйткені, асыл ағамыз бойындағы бар ілім-білімі, тума таланты, зиялы болмысымен Ұлт келбетін айшықтаған ұлы еңбегін ұрпақтар еншісіне байлап, мемлекетіміздің мәртебесіне айналдырып кетті. Оның жарқын бейнесі ел есінде мәңгілік сақталады. Марқұмның топырағы торқа, жаны жанатта болсын, - деді министр.

Наверх