Балаева елдегі тұрмыстық трагедияларды азайту тетігін айтты

9 Ақпан 2023, 17:34
1470
Бөлісу:
Балаева елдегі тұрмыстық трагедияларды азайту тетігін айтты
Фото: pricom.kz

Президент әкімшілігі басшысының орынбасары Аида Балаева ІІМ ұйымдастырған форумда елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылық өткір мәселе болып қала беретінін жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Адамды азаптауға, ұрып-соғуға, жақын адамдарын өлтіруге не түрткі болатынының түпкі себептерін анықтамайынша, оның шешімін не заңнамалық, не ұйымдастырушылық шаралар қамтамасыз ете алмайды... Өскелең ұрпақтың психологиялық саулығын қамтамасыз ету – бүкіл ұлт денсаулығының стратегиялық маңызды факторы. Осыған ерекше мән беріп, ұрпақ тәрбиесін, олардың бойына белгілі бір құндылықтарды сіңіріп, тектілікке тәрбиелеуді тұтас, жұмыс істейтін ұғымға айналдыруымыз керек, - деді ол. 

Сондай-ақ Балаева елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресу үшін полицияның үй тирандарымен жұмысының әдістерін енгізу, учаскелік полиция инспекторларының өкілеттігін кеңейту, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол берген тұлғаларға қатысты тыйым салуды белгілеу сияқты шаралардың жүзеге асып жатқанын айтып, шетелдік тәжірибемен де бөлісті.

Мысалы, Нидерландыда ғалымдар адамды виртуалды шындыққа батырып, эмоционалдық тітіркендіргіштер арқылы отбасылық зорлық-зомбылық оқиғаларын анықтайтын компьютерлік бағдарламамен белсенді жұмыс істеп жатыр. Швейцарияда мұндай жағдайларды анықтауға полициядан басқа медициналық қызметкерлер де тартылады. Олар анамнестикалық деректерді жинау арқылы құрылған сауалнама негізінде мақсатына жетеді. Францияда, Қытайда және басқа елдерде тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрестегі басты рөл қоғам мен полицияға жүктелген, - деді ол.

Оның айтуынша, тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресте тек мемлекет емес, азаматтық қоғам, қоғамдық пікір көшбасшылары, БАҚ кешенді түрде, келісіп жұмыс істеуі керек.

Өзгелердің жаңалығы