Бейсен Құранбек атындағы сыйлық тағайындалды

22 Мамыр 2020, 16:17
2784
Бөлісу:
Бейсен Құранбек атындағы сыйлық тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жақында өмірден өткен танымал журналист Бейсен Құранбек атындағы "Жігер" сыйлығын жариялады. Бұл туралы министрліктің Telegram каналында жазылды. 

Ұлттық сыйлықтың басты мақсаты - ардақты азамат, елімізге белгілі тележурналист Бейсен Құранбектің есімін мәңгілікке сақтап қалу және талантты жас журналистерді тану, олардың кәсіби жағынан одан әрі дамуына жәрдем беру. Сыйлық 4 номинация бойынша беріледі. - Әлеуметтік тақырыптағы үздік ТВ сюжет; - Әлеуметтік тақырыптағы үздік мақала; - Әлеуметтік тақырыптағы үздік материал (әлеуметтік желі); - Әлеуметтік тақырыптағы үздік фотосурет. Байқауға телевизия, баспа, интернет журналистиканың және фотосуретшілер, жаңа медиа (әлеуметтік желілер) саланың кәсіби және кәсіби емес жас журналистері (18-35 жас аралығы) қатысып, бағын сынай алады. Байқау үздіктерін арнайы құрылған қазылар алқасының мүшелері айқындайтын болады. Қазылар алқасының құрамына еліміздің медиа саласының дамуына елеулі үлес қосқан танымал медиа менеджерлер, журналистер, қоғам қайраткерлері кіреді,- делінген хабарламада.
"Жігер" сыйлығына өтініш 2020 жылдың 26 мамыр мен 15 маусым аралығында mdq.kz сайтында қабылданады. Сыйлыққа қатысты толық ақпаратты (қатысу ережесін) "Медиа дамыту қоры" корпоративтік қорының ресми сайтынан (mdq.kz) ала аласыз. Сондай-ақ, салтанатты марапаттау журналистердің кәсіби мерекесі қарсаңында хабарланбақ.

Айта кетейік, 18 мамырда Бейсен Құранбек 49 жасқа қараған шағында дүниеден өтті.
Өзгелердің жаңалығы