Балаева Әнес Сарайдың туыс-туғандарына көңіл айтты

2 Ақпан 2021, 22:04
1601
Бөлісу:
Балаева Әнес Сарайдың туыс-туғандарына көңіл айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева бүгін дүниеден өткен белгілі жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әнес Сарайдың отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты. 

Бүгін халқымызға танымал дарынды жазушы, зиялы азамат, белгілі қоғам қайраткері Әнес Сарай ағамыз өмірден озды. Өкінішке орай, уақыт алға жылжыған сайын алдыңғы буын аға-апаларымыз мәңгілік сапарға аттанып жатыр. Өмір бар жерде – өлім бар десек те, бұл – бір әулеттің ғана емес, әдебиет сүйер қауымы бар бүкіл қоғам үшін орны толмас ауыр қайғы болып отыр. Руханият саласына қатысты талай істе ағамыздың алдын көріп, ағалық ақылын тыңдап, жақын сыйластықта араласқан едік - деп жазды министр өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Сонымен қатар министр жазушының артында қалған туыс-туғандарына көңіл айтты.

Ағамыздың жарқын бейнесі мен әдебиет әлеміндегі шығармалары қалың оқырман қауымның рухани олжасына айналып, халық жадында мәңгі сақталады. Ағамыздың қазасына байланысты – Алтыншаш Жағанова апамызға және барлық ағайын-туыс, жақындарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын - деді Аида Балаева.
Өзгелердің жаңалығы