Балабақшаларда жұмыс істейтін педагогтердің жалақысы көбейеді - Асхат Аймағамбетов

3 Қыркүйек 2022, 11:20
7690
Бөлісу:
Балабақшаларда жұмыс істейтін педагогтердің жалақысы көбейеді - Асхат Аймағамбетов

Бүгін Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов балабақшаларда жұмыс істейтін педагогтердің жалақы көбейетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Президент балабақшаларда жұмыс істейтін педагогтердің жалақысын көбейтуді және жүктемелерін азайтуды тапсырды. Қазіргі уақытта балабақшаларда 1 педагогке 25 баладан келеді. Орташа жалақылары 147 мың теңгені құрайды. Бұл республика бойынша орташа жалақыдан төмен. 2-6 жастағы балаларды кезекте тұрған балалардан есептесек, қамту көрсеткіші 88%-ды, 3-6 жастағылардың 98%, ал жалпы балалардың санынан - 57,68% жетіп отыр. Сондықтан Президенттің тапсырмасының шеңберінде балабақша педагогтерін аттестаттаудың жаңа жүйесі еңгізіліп, жалақылары көбейтіледі, -деді Асхат Аймағамбетов.

Өзгелердің жаңалығы