Балабақша терезесінен құлаған бала: Тәрбиеші жұмыстан босатылды

26 Шілде 2023, 11:23
529
Бөлісу:
Балабақша терезесінен құлаған бала: Тәрбиеші жұмыстан босатылды

Шығыс Қазақстан облысында бүлдіршін балабақшаның екінші қабатындағы терезеден құлап кеткен. Осыдан кейін тәрбиеші жұмыстан босатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Altaynews-ке сілтеме жасап.

Оқиға 11 шілдеде Алтай қаласындағы балабақшалардың бірінде болған. Болған жағдайға қатысты Алтай ауданының білім бөлімі пікір білдірді.

Қызметтік тексеріс барысында анықталғандай, балалар ұйықтайтын уақытта тәрбиеші құжаттарды басып шығару үшін топтан шығып кеткен. Сол кезде топта тәрбиешінің көмекшісі бөлмені жинап жатқан. Қызметкер баланың оянып, өз бетімен дәретханаға барғанын естімеген. Артынша оқыс оқиға болған, - деді аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ольга Рогожина.

Бала ауруханаға жатқызылып, бір аптадан кейін үйіне шығарылды. Медициналық қорытындыға сәйкес, биіктен құлау салдарынан баланың денесінде көгерген жарақат болған.

Міндетін тиісінше орындамағаны үшін тәрбиеші жұмыстан босатылды, оның көмекшісіне қатаң сөгіс жарияланды, - деді Ольга Рогожина.

Зардап шеккен баланың ата-анасының балабақшаға еш талап қоймағаны атап өтілді.

Өзгелердің жаңалығы