Оқу-ағарту министрлігінің алқа отырысында министр Ғани Бейсембаев балабақша тәрбиешілерінің балаларға қарсы келеңсіз фактілері болмау үшін не істеу керегін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Былтыр жаңа 39 мыңға жуық орынға арналған 458 балабақша іске қосылды. Жекеменшік балабақшалардың 93%-на мемлекеттік тапсырыс берілді. Нәтижесінде 2-6 жастағы балаларды қамту 89,4%-ға, ал 3-6 жаста 99,4%-ға артты, - деді Оқу-ағарту министрі.
Бейсембаевтың айтуына қарағанда, былтыр балалардың дағдыларын, зерттеу қызметін дамыту және дамытушы орта құру үшін оқу және ойын материалдарының тізбесін көрсете отырып, мектепке дейінгі ұйымдарды жарақтандыру нормалары бекітілді.
Өкінішке қарай, былтыр тәрбиешілер жіберілген балаларға қарсы келеңсіз фактілер болды. Оларды алдағы уақытта болдырмау үшін жергілікті атқарушы органдарға бақылауды күшейту қажет, - деп есептейді ведомство басшысы кеңейтілген алқа отырысында.