Балабақшаларға арнайы бағдарламалар дайындау керек – Аймағамбетов

2 Ақпан 2021, 17:02
2494
Бөлісу:
Балабақшаларға арнайы бағдарламалар дайындау керек – Аймағамбетов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев инклюзивті білім беруді көтерген болатын. Білім және ғылым министрлігінің аппарат жинасында Асхат Аймағамбетов осы мәселеге тоқталды.

Бұл жұмыс маңызды. Оны әрі қарай жалғастыру керек. Соның ішінде түзету кабинеттері, ПМПК желісін өсіруіміз керек. Сондай-ақ нормативтерді өзгерту бойынша Президенттің тікелей тапсырмасы бар. Жергілікті білім басқармалары биыл тиісті норматив бойынша бұл жұмысты аяқтаулары керек. Жаңа түзету кабинеттері мен ПМПК-лар ашылуы керек, - деді министр.

Аймағамбетовтің сөзінше, балабақшаларға арнайы бағдарламалар дайындау керек.

Оқыту бойынша. Бұл мәселе бүгінгі күні өте маңызды. Әлі шешілмеген мәселе. Тьютор штаттарын енгізу бойынша Үкіметтің қаулысында 20-өзгерістерді енгізген болатынбыз. Бірақ бүгінгі күні тьюторлар жұмыстарын қалай істеп жатыр, жеткілікті ме, жеткіліксіз бе, олардың жұмысы бойынша тиісті регламенттер бар ма?! Бұл мәселе бойынша көп сұрақ бар, - деп атап өтті Білім басшысы аппарат жиналысында.

Министр атағандай, ұстазға тиісті курстар өткізу керек.

Айта кетейік, бүгін Үкіметтің онлайн отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 46 ПМПК және 25 түзету кабинетін құру қажет екенін айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы