Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Бала туу азайды: Қазақстанда соңғы 11 жылдағы ең төмен көрсеткіш тіркелді

14 Мамыр 2025, 11:47
452
Бөлісу:
 Арман Мухатов  gov.kz
Фото: Арман Мухатов gov.kz

2025 жылдың қаңтар-наурыз айларында елде 77,3 мың нәресте дүниеге келді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 16%-ға аз. Бұл – 2014 жылдың алғашқы тоқсанынан бергі ең төменгі көрсеткіш, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, туу көрсеткіші еліміздің барлық өңірінде төмендеген. Ең көп азайған аймақтар – Ақмола облысы (-22%) және Жетісу облысы (-20,1%).

Жалпы туу коэффициенті (әр мың адамға шаққанда) да төмендеді – 15,39 (-2,94).

Қайтыс болғандар саны да 7,2%-ға азайып, 31 мың адамды құрады. Алайда табиғи өсім (туғандар мен қайтыс болғандардың айырмасы) да 20,7%-ға кеміп, 46,3 мың адамға жетті.

Өзгелердің жаңалығы