Сәдуақасова: Бұл – бала құқығы туралы ересектерге ескерту жасалатын күн

1 Маусым 2020, 18:28
1925
Бөлісу:
Сәдуақасова: Бұл – бала құқығы туралы ересектерге ескерту жасалатын күн

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. "Жас Ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы" РҚБ төрағасы Динара Сәдуақасова бұл күннің маңызы жоғары екенін айтады.

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні. Бұл күн біздің елде де жыл сайын аталып өтеді. Алайда, биыл коронавирус пандемиясы салдарынан, балалар күні "Барлығы балалар үшін" атты республикалық акция #NS_balalarkuni_bilim хештегі бойынша онлайн форматта ұйымдастырылды.

Аталмыш күнге орай, "Жас Ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы" РҚБ төрағасы Динара Сәдуақасова бұл күннің маңызы жоғары екенін айтады.

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні еліміздегі ең маңызды мерекелердің бірі. "Жас Ұлан" бірыңғай балалар және жасөспірімдер ұйымдарымен тығыз жұмыс істейтіндіктен, бұл біз үшін айрықша мейрам. Еліміздегі әр баланың құқығы, пікірі мен дін бостандығы, білім алу, дем алу мен бос уақыт еркіндігі, психологияқ жәбірлеуден, балалар еңбегінің эксплуатациясынан қорғау, құқықтарын сақтау қажеттігі туралы ересектерге ескерту жасалатын күн. Балаларды осындай тамаша мерекемен құттықтап, бақытты балалық шақ тілейміз, - дейді ол.

Динара Сәдуақасова "Жас Ұлан" ұйымы ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарға сәйкес рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыру, балалар мен жасөспірімдерді қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеумен айналасып келе жатқанын мәлімдеді. 

Біздің ұйым балаларды жан-жақты дамытып, олардың көшбасшылық қабілеттерін ашуға көмектеседі. Сонымен қатар, балалардың халықаралық жобаларға, байқауларға, іс-сапарларға қатысуына мүмкіндік береді. "Жас Ұлан" жыл сайын  саябақтарда балаларға арналған түрлі көңіл көтеретін іс-шаралар ұйымдастырады. Биыл елімізде болып жатқан жағдайға байланысты балаларды онлайн түрде құттықтап жатырмыз. Мереке қарсаңыңда "Жас Ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанаты онлайн түрде өтуде. Нұр-Сұлтан қаласының   2000 оқушысы ұйым қатарына қосылды. Балалардың дамуына қатысты "Оқушыларды психологиялық сауықтыру клубы" жобасы, "Жас Ұланнан кеңес" челленджі, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына қатысты викторина, "Әлемдік мұра"  челленджі сияқты іс-шаралар онлайн түрде өткізілді. Алдағы уақытта Абай әндері бойынша каверлер байқауын жариялаймыз, - деді ол.

Ұйым төрағасының айтуынша, қазіргі таңда барлық мектептерде "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында жас ұрпақтың бойында отбасы құндылықтарын қалыптастыру мен дамытуға бағытталған "Өркендеу" жобасы іске  асырылып жатыр.

Сонымен қатар, балалардың тарихи-мәдени мұраларға, экоголияға деген қызығушылығын арттыру мақсатында "Birgemiz: Taza Alem", "Birgemiz: Asyl Mura" жалпыұлттық жобаларын жүзеге асырып жатырмыз. 19 мамырдан бастап жобаларға волонтерлер іріктеуді бастадық.  Тарихи-мәдени мұраға, экологияға қызығушылығы бар 2000 волонтер іріктеліп, арнайы оқытылады. Өтінімдер 2020 жылдың 7 маусымына дейін қабылданады. Оқуды сәтті аяқтаған барлық волонтер "Birgemiz: Asyl Mura", "Birgemiz: Taza Alem" жалпыұлттық жобаларының волонтерлер қатарына қабылданғанын растайтын сертификат алады.Үздік волонтерлер 2020 жылдың қараша айында Тараз қаласында өтетін қорытынды мерекелік шараға қатысуға шақырылады. Ең үздік волонтерлердің жетістіктері мен тәжірибелері Қазақстанның барлық өңірлеріне таратылатын Үздік тәжірибелер жинағына кіреді, - деді ол.

Туризм бағытындағы гид волонтерлермен тарихи-мәдени жерлерде экскурсия жұмыстары жүргізіледі.Тарихи-мәдени нысандар жайлы ақпараттарды көбейту мақсатында волонтерлер арасында  wikipedia-ны толықтыру бойынша "Асыл мұра" байқауы, тарихи-мәдени жерлерге қатысты бейнероликтер  байқауы ұйымдастырылады.

Сондай-ақ, "Birgemiz: Taza Alem" жалпыұлттық жобасы аясында  плоггингтер, жануарлар үйіне барып көмек көрсету, құстар ұяшығы фестивалі, бірдей іс-әрекеттер күні, "EcoCamp" лагері,ЭкоLife Challenge, "Eco Alem" үстел ойыны, дармарка, биопакет өңдіретін зауыттарға экскурсия жүргізу, "Мен Эко-Волонтер" байқауы ұйымдастырылмақ.

Өзгелердің жаңалығы