Бала денсаулығы басты назарда

6 Маусым 2022, 19:45
2992
Бөлісу:
Бала денсаулығы басты назарда
PHOTO VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Медикер Педиатрия - «Медикер» медициналық қызмет желісінің балаларды емдеуге арналған бірден-бір медициналық орталығы. 

Медициналық сақтандыру қорының елорда филиалының ұйымдастыруымен өткен "Балаларға күлкі сыйла" акциясы аясындағы пресс-турының аясында Медикер Педиатрия клиникасына бардық.

«Медикер Педиатрия» ЖШС көпсалалы балалар емханасында балалар туғаннан 18 жасқа дейін қаралап, ем-дом шараларынан өте алады.

Бұл туралы клиника қызметкері, педиатр Ляззат Бигабыловамен тілдестік.

Бала денсаулығы басты назарда

-Елімізде 2020 жылдан бастап медициналық сақтандыру жүйесі енгізілді. Медициналық қызмет сіздердің клиникаларыңызда қалай көрсетіледі? Балалар емханаға келген кезде қандай бағыт-бағдармен келеді?

-Осы жүйе енгізілгелі бері біздің дәрігерлерге жұмыс істеу өте қолайлы болды. Өйткені біздің бүкіл медициналық ұйымдармен тікелей байланысты. Бізде база орнатылған. Кез келген бала біздің клиникамызға келген кезде бұрынғыдай ауру сырқатнамасын сұрамаймыз, бірден базаға енгізілген ақпараттан науқасқа қатысты дүниелерді анықтаймыз.  Ең тиімдісі бұрынғыдай карта толтырып отыраймыз. Базаға жазылып, тіркелген ақпараттан дәрігерлер басқа  мекемеде отырса да өзіне қажетті дүниені базадан алып қолдана алады.

Клиникаға келген кезде науқастар бұрынғыдай ұзын сонар кезекке тұрмайды, алдын-ала жазылым бойынша, өз уақытымен келеді.

Бала денсаулығы басты назарда

-Қазір емханада қанша бала бар? Қанша бала тіркелген?

«Медикер-Педиатрия» медицина орталығында 2022 жылдың басынан бастап 41 мың бала ем қабылдады. Бүгінде  8 аймақ бар. Сегіз аймақтың әрбірінде мың жарым, екі мыңдай бүлдіршін бар. Шамамен он мыңға дейін балалар тіркелген. 

-Стоматологиялық қызмет тегін бе?

-Иә, ешқандай жолдамасыз тегін тіс дәрігерінің көмегіне жүгінуге болады. Стоматологиялық клиника қордың қызмет жеткізушісі болған жағдайда ғана науқастар кез келген қалада не аймақтарда болсын тікелей стоматологияға бара алады. 

Бала денсаулығы басты назарда

-Галокамера дегеніміз не? Оның пайдасы қандай?

-Галокамера - бұл тұзды үңгір. Қазір балалар арасында аллергиялық аурулар белең алуда. Осындай аурулардың алдын алу үшін таптырмас құралдың бірі галокамера. Галотерапия балалардың иммунитеттін жоғарылатып,инфекциялық және қабыну процестерінің белсенділігін төмендетеді, суық тию мен вирустық аурулардың санын азайтады. Тұз үңгірінің жүйке жүйесіне әсері қосымша плюс болады: галокамера баланың психологиялық жағдайын тыныштандырады және қалыпқа келтіреді.

Бала денсаулығы басты назарда

-Медициналық орталықтың қызмет көрсетуі туралы бірер ауыз айта отырсаңыз, тағы қындай қызмет түрлерін көрсетесіздер?

-Медициналық орталық тіркелген азаматтармен, Медициналық сақтандыру қорымен жасалған шарттар бойынша, тікелей шарттар бойынша және ақылы қызмет көрсету шарттары бойынша қызмет көрсетеді. Медициналық қызмет саласына: амбулаторлық-емханалық көмек, консультативтік-диагностикалық көмек, стационарды алмастыратын көмек, жедел жәрдем көмегі кіреді. Медициналық орталық педиатр, терапевт, отоларинголог, офтальмолог, эндокринолог, кардиолог, гинеколог, УЗИ, хирург, травматолог, галокамера, т.б. қызметтерін көрсетеді. Консультативтік-диагностикалық қызмет: педиатр дәрігері, отоларинголог дәрігері, кардиолог дәрігері, офтальмолог дәрігері, травматолог-ортопед дәрігері, эндокринолог дәрігері, аллерголог дәрігері, хирург дәрігері, психолог, логопед кеңестері. Диагностикалық қызмет: УЗИ дәрігері, функциональдық диагностика дәрігері. Клиникалық-диагностикалық зертхана: зертхана дәрігері, лаборант; Күндізгі стационар: күндізгі стационар дәрігері. Физиотерапия бөлім: физиотерапевт-дәрігер, массаж медбикесі, галокамера маманы қызмет көрсетеді.

Бала денсаулығы басты назарда
Бала денсаулығы басты назарда

Медицина орталығы, сондай-ақ, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде қосалқы мердігер ұйымдармен жұмыс істейді.

Бала денсаулығы басты назарда

Айта кететін жайт жылда Балаларды қоғау күніне байланысты ашық есік күні болады. Сол күні барша балалар клиникалық зерттемелермен профилактикалық тексеруден тегін өтіп, дәрігерлерден кеңес ала алады. 

Раушан НҰРҒАЛИЕВА Фото, видео: Автор 

Өзгелердің жаңалығы