Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бақыт Сұлтанов Женева қаласында "гибридті" режимде ("тікелей" және "онлайн") өтіп жатқан БҰҰ-ның Бәсекелестік және тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі сегізінші конференциясында сөз сөйледі. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Facebook-тегі парақшасында жазды.
Іс-шараға өте өкілетті, Германия, Португалия, Коста-Рика, Ботсвана министрлері, ЮНКТАД-тың (БҰҰ-ның Сауда және даму жөніндегі конференциясы) барлық басшысы жиналды.Мен әріптестеріме, Қазақстанда Тұтынушылардың Құқықтарын Қорғау (ТҚҚ) саласында қандай жаңалық болып жатқандығы туралы, елімізде заңнаманы қалай өзгерткенімізді, не істеуге ұмтылатынымызды, таяу болашақта қандай міндеттер күтіп тұрғанымызды айтып бердім. Біз ТҚҚ саясатын әзірлеуде басшылыққа алатын барлық қағидалар Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) елдерінің тәжірибесіне және БҰҰ-ның тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі принциптеріне негізделген, - деді Бақыт Сұлтанов.Конференция қорытындысы бойынша, БҰҰ және Халықаралық Ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі - елші Жанар Айтжанова және БҰҰ Сауда және даму конференциясының Бас хатшысы Мухиса Китуйимен кездесу өткізді.
Биылғы жылдың қаңтар айында, Қазақстанда "ҚР-дағы экспорттық-импорттық операцияларға арналған Бірыңғай терезе" пайдалануға сәтті енгізілді. Барлығын “онлайн” режимге ауыстыра отырып, біз коронакризистің дағдарыстық көріністерінен аз шығынмен өте алдық: тауарлардың импорты мен экспорты үшін рұқсаттар мен кедендік қызметтердің жедел өңделуі қамтамасыз етілді. Бұл әсіресе Медициналық тауарлар мен жабдықтарды әкелу үшін маңызды болды. Сонымен бірге “қашықтан басқару” режимінде де барлық басқарушы ведомстволар үшін тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз етті.Сондай-ақ, Бақыт Сұлтанов ЮНКТАД-тың Бас хатшысымен Қазақстанда “Сауда порталын” құру үшін, Қазақстан Республикасының және Халықаралық Сауда Орталығының (ХСО) жаңа жобасы аясында Астана-1 тәжірибесін пайдалану жоспарымен бөлісті.
Осы жүйелерді сәтті енгізудің арқасында, қазақстандық модель ТМД елдеріндегі ұқсас жобалар үшін эталон қызметін атқарады.
Мен Китуйи мырзаға Қазақстан қазірдің өзінде интеграцияның келесі кезеңіне өтіп жатқанын айттым. Біз Сингапурлық Crimson Logic және Қытайлық ATIS әріптестерімен жұмыс істеп жатырмыз. Шын мәнінде, «Астана-1» жүйесі бізге осы компаниялармен интеграциялануды жеңілдетті.
Біз ол Сауда порталында бизнесмендер үшін кедендік рәсімдер, ілеспе құжаттар, біздің негізгі сауда серіктестеріміз - Еуропалық Одақ пен Қытайдың әлеуетті экспорттық нарықтары туралы барлық ақпаратты жинағымыз келеді. Біз порталға кедендік баждардың мөлшерлемелері, тарифтік емес шаралар, тыйым салулар, Орталық Азия аймағы елдерінде, ЕО мен Қытайда қолданылатын шектеулер және басқа да осыған ұқсас ақпараттарды автоматты түрде жаңартуды қосқымыз келеді. Әрине, біз ЮНКТАД-тың тәжірибесі мен кеңесінсіз жасай алмаймыз. Осы себеппен, Китуйиа мырза бұл жобаға қолдау көрсетуге уәде берді, - деп жзылған мәлімдемеде.БҰҰ-ның сауда және даму жөніндегі Конференциясының Бас хатшымен Қазақстандағы электрондық сауданы дамыту жөніндегі екі ел арасындағы ынтымақтастық туралы да сөз қозғалды.
Кездесу барысында келесі жылы Барбадоста ЮНКТАД-тың 15-ші министрлік конференциясына қатысу жөніндегі ынтымақтастық талқыланды.