Бакуде Қазақстан мен Әзербайжан Қорғаныс министрлері кездесті

7 Маусым 2024, 18:12
309
Бөлісу:
Бакуде Қазақстан мен Әзербайжан Қорғаныс министрлері кездесті
PHOTO
Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Қазақстандық делегация Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың басшылығымен Баку қаласына келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Дәстүр бойынша сапар Құрметті жерлеу аллеясына барудан басталды. Қазақстан Қорғаныс министрі Әзербайжанның жалпыұлттық көшбасшысы Гейдар Әлиевтің бейіті мен «Шахидтер аллеясы» мемориалдық кешеніне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.

Бакуде Қазақстан мен Әзербайжан Қорғаныс министрлері кездесті

Ресми сапар аясында генерал-полковник Руслан Жақсылықов әзербайжандық әріптесі генерал-полковник Закир Гасановпен кездесті. Қазақстандық делегация құрамында келіссөздерге Қазақстан Республикасының Әзербайжандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Әлім Байел қатысты.

Бакуде Қазақстан мен Әзербайжан Қорғаныс министрлері кездесті

Қазақстан мен Әзербайжан Қорғаныс министрлері өзара іс-қимылдың ағымдағы және перспективалық бағыттарын талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар әскери ынтымақтастық саласындағы үкіметаралық келісімге қол қойды. Кездесу барысында қорғаныс ведомстволарының басшылары Қазақстанда өткізу жоспарланып отырған өңірдегі қауіп-қатерлерге ден қою кезінде өзара іс-қимыл мәселелерін пысықтауға мүмкіндік беретін «Бірлестік-2024» көпұлтты оқу-жаттығуының өзектілігін атап өтті.

Бакуде Қазақстан мен Әзербайжан Қорғаныс министрлері кездесті

Тараптар сондай-ақ жауынгерлік дайындық, әскери білім беру, әскери-техникалық ынтымақтастық және басқа да өзара қызығушылық тудыратын салалардағы ынтымақтастықтың әлеуетін әңгіме етті.

Өзгелердің жаңалығы