Бакуде ХІ түркі әлемін зерттеу симпозиумы өтті

17 Маусым 2024, 00:30
304
Бөлісу:
Бакуде ХІ түркі әлемін зерттеу симпозиумы өтті
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Баку қаласында ХІ түркі әлемін зерттеу симпозиумы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, іс-шараны Баку Еуразия университеті Түркияның Нийде Омер Халисдемир университетімен және Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетімен бірлесіп ұйымдастырды.

Ашылу салтанатында "Түркі әлемінің және Түркітілдес мемлекеттер ұйымының 2040 жылға арналған мақсаттары" тақырыбында өткен симпозиум жұмысына табыс тіледі.

QyzPU Ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Закир Джумакулов симпозиум бауырлас елдердің мәдени-рухани жақындасуына өлшеусіз үлес қосатынын атап өтті.

Симпозиум аясында дәстүрлі түрде ұйымдастырылып жүрген «Түбі бір түркіміз» фестивалі бауырлас мемлекеттер достығының нығаюы мен қарым-қатынасының артуына, жастарымызға түркілік мұраны сезіндіруге бағытталған маңызы зор іс-шара. Жүргізіп жатқан зерттеулеріміздің түркі әлемінің келешегіне өлшеусіз мұра қалдыратынына сенімдіміз, - деді проректор.

Халықаралық симпозиумның мақсаты – тіл, әдебиет, тарих, философия, ғылым, білім, мәдениет, экономика, халықаралық қатынастар және басқа да салалардағы өзекті мәселелерді талқылау үшін түркі әлемінің ғалымдары мен зиялыларын біріктіру.

Сондай-ақ қатысушылар жаңа ғылыми зерттеулердің тақырыптарын талқылады, бірлескен жобалардың бағыттары бойынша идеялармен алмасты. Шетелдік жоғары оқу орындарының басшылары симпозиум түркі халықтары арасындағы жаңа тәсілдерді, бірлескен зерттеулер мен өзара ынтымақтастықты арттыратынын атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы