Бақтияр Артаев жаңа қызметке ие болды

9 Маусым 2021, 09:51
2873
Бөлісу:
Бақтияр Артаев жаңа қызметке ие болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бокстан Олимпиада чемпионы, Вэл Баркер кубогінің иегері Бақтияр Артаев жаңа қызметке тағайындалды.

Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.

«Астана Арланс» баспасөз қызметі хабарлағандай, Бақтияр Артаев Қазақстанның мемлекеттік бокс бапкері Болат Абдрахмановтың орнына ауысады.


2018 жылдың ақпанынан бері 38 жастағы Артаев «Астана Арланс» бокс клубының бас менеджері қызметін атқарып келді.

Бақтияр Артаев 1983 жылы 14 наурызда Таразда туған. Ол 9 жасынан бастап бокспен айналысқан. 1998 жылы жастар арасында Қазақстан чемпионы атанды. Олимпиада-2004 соңғы күндерінде жалғыз алтын медаль алып берген спортшы болды. Олимпиаданың үздік боксшысы ретінде Вэл Баркер кубогінің иегері атанды.


Өзгелердің жаңалығы