БАҚ: Марадонаға жедел жәрдем 11 минуттан кейін келді

28 Қараша 2020, 16:27
1483
Бөлісу:
БАҚ: Марадонаға жедел жәрдем 11 минуттан кейін келді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Футболшы Диего Марадонаға жедел жәрдем шақырудан 11 минут өткен соң келді, деп хабарлады TN телеарнасы тергеу деректеріне сілтеме жасап.

Бұған дейін Марадонаның адвокаты жедел жәрдем жарты сағаттан кейін келгенін айтқан болатын.

БАҚ сонымен қатар 911-де Марадона дәрігерлерінің бірінің қоңырауы туралы егжей-тегжейлі мәлімет береді.

Сіз маған Тиградағы Сан Андрес ауданына жедел жәрдем жібере аласыз ба? Италия көшесі, бұл жабық аймақ. Мұнда адам... тыныс алу және жүрек ұстамасы бар. Дәрігер оған көмек көрсетіп жатыр, - дейді Марадона дәрігерлерінің бірі Леополдо Лука.

Айта кетейік, 25 қарашада футболдан 1986 жылғы әлем чемпионы, аргентиналық Диего Марадона қайтыс болды. БАҚ-тағы мәліметтерге сүйенсек, футболшының жүрегі тоқтап қалған. Спортшының үйіне тоғыз жедел жәрдем көлігі келген, алайда дәрігерлер де дәрменсіз болды. 

Өзгелердің жаңалығы