Бағдат Мусин: Сбербанкпен бекітілген меморандум көпшіліктің талқылауына шығарылмағанын мойындаймын

29 Қазан 2021, 14:19
174688
Бөлісу:
Бағдат Мусин: Сбербанкпен бекітілген меморандум көпшіліктің талқылауына шығарылмағанын мойындаймын

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Қазақстанда Сбербанкпен арадағы меморандумға қатысты түсінік берді.

Ол жұртшылық ішінде резонанс тудырған Ресейдің «Сбербанкі» арасындағы қойылған меморандум бойынша журналист сұрағына жауап берді.

Бұл - техникалық сұрақ. Техникалық сұрақты осынша деңгейге көтеру дұрыс емес деп ойлаймын. Өйткені техникалық сұрақты техникалық түрде қарау керек. Оны керек пе, керек емес пе, халық білмейді, - деді министр.

Сонымен қатар Бағдат Мусин көпшілік тарапынан келетін сын-пікірлерді ескеретінін айтты.

Барлық сын-пікірді ескеремін, қабылдаймын. Ресей компаниясымен бекіткен меморандум көпшіліктің талқылауына шығарылмағанын мойындаймын. Жалпы Үкімет қаулысы менің қолымда ғана емес. Оның талқылауға шықпағаны рас. Келекшекте біздің министрліктен келетін қаулылар мен бұйрықтар міндетті түрде талқылаудан өткізілетін болады. Оған 100 пайыз кепілдік беремін, - деп атап өтті Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі.
Өзгелердің жаңалығы