Бағдат Мусин Ashyq сервері мемлекеттің бақылауына өткенін айтты

23 Мамыр 2021, 13:40
4516
Бөлісу:
Бағдат Мусин Ashyq сервері мемлекеттің бақылауына өткенін айтты

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Біріншіден, бұл сервис мемлекет иелігінде екенін айта кеткім келеді. Кеше оның негізін қалаушы Виталий Пустовойтенкомен құжатқа қол қойдық және «Ұлттық ақпараттық технология» АҚ аумағында жауапкершілікке алдық. 

Ashyq-тың барлық серверлері мемлекеттік «ҰАТ» АҚ-ның серверінің бақылауында. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді.

Министр кеше Ashyq бойынша жиналыс өткізгенін айта келе, енді «ҰАТ» АҚ қосымшаға жауапты болып табылатынын, сондықтан оның egovMobile-де қызметін енгізуді тапсырғанын айтты.

Сонымен қатар Kaspi мен Halyk өкілдерімен келіссөз жүргізіп, бұл қызметті олардың платформасында іске асыруды ұсындым. Әріптестер бизнес пен клиенттер үшін Ashyq жобасының маңыздылығын түсіне отырып, бұл идеяны қабылдағандай болды. Ashyq-ты дамыту аясында оның басқа қандай платформаларда пайда болатыны туралы кейінірек тағы хабарлаймын, - деп жазды министр facebook-тегі парақшасына.

Сонымен қатар ол тез іске қосылып кеткен жеке тұлғаның сәйкестендіру нөміріне қатысты тағы талқы жүргізгендерін жеткізді.

Қызыл мәртебесі бар адам өзгенің ЖСН нөмірін теруі мүмкін және көпшілік орынға өтіп кетуі мүмкін деген мәселе көтерілді. Егер адам біздегі мобильді азаматтар базасында тіркеуде жоқ болса, ол ешқайда кіре алмайды. Сондықтан бірден eGov mobile қосымшасын көшіріп, содан кейін тіркелген жөн. Ал Ashyq қосымшасын жүктемегендер немесе телефоны ескі адамдар кіргелі тұрған мекемесіне өз ЖСН нөмерін айтып, жеке куәлігін көрсетеді, бұл оның мәртебесін тексеру үшін қажет,-деп жазды министр.

Айта кету керек, Ashyq жобасының арқасында қазір еліміздегі көптеген мекеме жұмыс істеп тұр және мыңдаған адам жұмысқа шығып отбасын асырауда.

Өзгелердің жаңалығы