Бағдат Мусин ақпараттық технология саласындағы қыздарды құттықтады

Бағдат Мусин ақпараттық технология саласындағы қыздарды құттықтады
713

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін – ақпараттық-коммуникациялық технология саласындағы қыздар күні. Бұл туралы  цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.  

Қазіргі таңда арулардың ірі компанияларды басқаруы қалыпты жайтқа айналған. Біздің елде маңызды шешімдерді қабылдау барысында әйелдердің рөлі зор, бұл тұрғыда түрлі мекемелерде цифрландыру үрдісіне жауап беретін вице-министрлер Әсел Жанасова, Жанат Жахметова, Динара Щеглова сынды мықты мамандарымыз бар, кейбір аймақтарда да цифрландыруды Юлия Тремасова (Қызылорда облысы), Марина Гагарина (ШҚО), Әлия Оңғарбекова (Алматы облысы) сияқты ханымдар дамытуда. Отбасында асыл ана, сүйікті жар бола білген арулардың үй шаруасымен қатар ер адамның мамандығы саналған салада беделді болуы тіпті де оңай емес, – деп жазды министр.

 Сондай-ақ ол сала мамандарын кәсіби мейраммен құттықтады. 

Баршаңызды осы кәсіби мейраммен құттықтаймын! Мықты денсаулық, отбасылық бақыт пен еңбекте табыс тілеймін. Жаңа Қазақстанды құруға үлес қосар керемет жобаларыңыз көбейе берсін!, – деді Бағдат Мусин.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: дереккөз
Өзгелердің жаңалығы