Бағдат Мусин 5G технологиясымен қамту жұмыстары қалай жүргізіліп жатқанын айтты

29 Қазан 2021, 16:57
321423
Бөлісу:
Бағдат Мусин 5G  технологиясымен қамту жұмыстары қалай жүргізіліп жатқанын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді.

Оның айтуынша, ұлттық жобаның міндеттерінің бір– халықтың жайлы өмір сүруі үшін жоғары сапалы әлеуметтік қызметтерді көрсету және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған цифрлық құралдармен толықтай қамтамасыз ету.

 

Ұлттық жобаның «Ғылым» блогы бойынша бағыттар ғылыми қауымдастықпен және бизнес өкілдерімен кеңінен талқыланды. Ұлттық жобаның «Ғылым» блогы бойынша жалпы қаржыландыру – 891,4 млрд тг., Республикалық бюджеттен - 832,9 млрд теңге қарастырылған, болжанған жеке инвестициялар көлемі – 58,5 млрд тг, -деп атап өтті Мусин.

 

Бағдат Мусин: 2025 жылға қарай 5G технологиясы елордада, республикалық маңызы бар қалаларда енгізілетінін айтты.

Аталған бағыт бойынша интернетпен және ақпараттық қауіпсіздікпен қалалар 10 МБ/с, ауылдар - 5 МБ/с интернет жылдамдығымен қолжетімді болмақ. 2025 жылға қарай елордада, республикалық маңызы бар қалаларда және облыстарда 5G технологиясы енгізілетін болады. Сонымен қатар орталықтар және халқы аз шалғай орналасқан 617 ауыл төмен орбиталық спутниктік жүйелер арқылы интернетпен қамтылады, -дейді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі.

Өзгелердің жаңалығы