Бағдадта екі рет теракт болды

<p> </p> <h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ирак астанасы Бағдадта екі террорлық шабуыл болды.&nbsp;&nbsp;</h4>

 21 Қаңтар 2021 2021, 16:55
21 Қаңтар 2021 2021, 16:55
2627

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ирак астанасы Бағдадта екі террорлық шабуыл болды.  

17 адам қаза тауып, 25-тен астам адам жарақат алды. Бұл туралы Al Arabiya хабарлады.

Жарылыстар таңертең Бағдадтың орталығындағы Тайаран алаңында қызу сауда базарының аумағында болды. 

Алдын ала ақпарат бойынша, сауда базарының аумағында өзін-өзі өлтірген террористер жарылып кеткен.

Ирактың Денсаулық сақтау министрлігі барлық медициналық мекемені жаралыларға көмектесу үшін жұмылдыру туралы жариялады.

Еске салсақ, осы жылдың 20 қаңтарында (жергілікті уақыт бойынша сағат 15:00 шамасында) Мадрид қаласының Толедо көшесіндегі ғимараттарының бірінде жарылыс болды. Бүгін ҚР СІМ Мадридте орын алған жарылыс салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендердің арасында қазақстандықтар жоқ екенін мәлімдеді.

Наверх