Бағаның өсуін тежеу жұмыстарын тұрақты бақылауда ұстау керек – Үкімет басшысы

15 Қараша 2022, 10:52
1004
Бөлісу:
Бағаның өсуін тежеу жұмыстарын тұрақты бақылауда ұстау керек – Үкімет басшысы

Қазан айында  инфляция өсімі жеделді. Бұл процесске азық-түлік тауарлары бағасының өсуі айтарлықтай әсер етіп отыр. Бұл туралы Үкімет басшысы Әлихан Смайылов айтты, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Бұл, бірінші кезекте, әкімдіктер тарапынан қабылданып жатқан шаралардың жеткіліксіз екенін көрсетеді.

Өңірлер биылғы жылдың соңына дейін әлеуметтік-экономикалық дамудың жоспарланған көрсеткіштеріне қол жеткізіп, Мемлекет басшысы қойған міндеттердің тиімді іске асырылуын қамтамасыз етуі қажет. Жылдың соңына дейін екі айдан аз уақыт қалды. Сондықтан, барлық жобаларды аяқтауға және жоспарларды іске асыруға, бюджетті тиімді игеруге күш салу қажет, – деді ол Үкімет отырысында.

Премьердің айтуынша, тұрақты даму қарқынын ұстап тұру үшін   экономиканы әрі қарай әртараптандыру,   инвестиция тарту және тұрақты жұмыс орындарын құру бойынша  жұмысты күшейту қажет.

Өңір әкімдіктері жоспарланған көрсеткіштерді қамтамасыз етіп, инвестиция тарту жұмыстарын жандандыруы қажет. Сондай-ақ, инвестициялық жобаларды іске асыруға тұрақты мониторинг жүргізуі тиіс. Сонымен қатар,   бағаның өсуін тежеу жұмыстарын   тұрақты бақылауда ұстау керек, – деді Смайылов.

Өзгелердің жаңалығы