Бағанадан электр құрылғыларын жымқырған жас жігіттерді ұстады

25 Мамыр 2022, 23:35
1836
Бөлісу:
Бағанадан электр құрылғыларын жымқырған жас жігіттерді ұстады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының полицейлері жаңа құрылып жатқан бағанадан электр құрылғыларын жымқырған жас жігіттерді ұстады, деп хабарлады Түркістан облысы полиция депертаментінің баспасөз қызметі.

Бағанадан электр құрылғыларын жымқырған жас жігіттерді ұстады

Бәйдібек аудандық полиция бөліміне жарықтандыру саласымен айналысатын мекемелердің бірінен ұрлық қылмысы бойынша шағым келіп түсті. Онда Шымкент-Самара тас жолының 54-60 шақырым арасындағы жол жиегінде орнатылған бағаналардан электр сымы, 120 дана Траверс ORG 56 материалы, 360 дана оқшаулағыш сынды электр құрылғылары ұрланғаны көрсетілген. Жәбірленуші тарапқа келтірілген шығын көлемі 2 миллион теңгеге жуықтады. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алынды.                                   

Орын алған  ұрлық қылмысын ашып, ұрыларды құрықтау мақсатында полицейлер бірден іске кірісті. Көрген-білгендерден жауап алып, сұрастырды. Осылайша жинақталған ақпарат көздері арқылы күдіктілердің жеке басы анықталып, 3 жас жігіт ұсталды. Тағы бір күдіктіге қатысты іздестіру жұмыстары жүргізілуде.                                                                              

Тексеру кезінде күдіктілердің бұрын электрик болып жұмыс істегені анықталды. Олар өздеріне ақша қажет болғандықтан, оңай жолмен олжалы болғысы келген. Содан жаңадан орнатылып жатқан бағаналардағы жарық беруге, таратуға арналған құрылғыларды шешіп алып кеткен. Ұрлық әрекетін араға бірнеше күндер салып, 3 рет жасаған. Бүгінде күдікті үшеу қамауға алынды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.                   

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері ескертеді, өзіңізге тиесілі мүліктеріңізге сақ болыңыздар. Егер де, сіз, қандай да бір ұрлық қылмысының құрбаны не куәсі болсаңыз, бірден полицияның 102 нөміріне хабарласыңыз.

Өзгелердің жаңалығы