Біріккен Араб Әмірліктерінің шығыс жағалауында орналасқан Фуджейра портында мұнайды жөнелту жұмыстары дрон шабуылы мен өртке байланысты уақытша тоқтатылғаннан кейін қайта жанданды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Bloomberg агенттігі дереккөздерге сілтеме жасап мәлімдеді.
Олардың айтуынша, Фуджейра портындағы мұнай терминалының жұмысы толық қалпына келтірілген.
Бұған дейін Фуджейра порты ұшқышсыз ұшу аппаратының шабуылынан кейін мұнай тиеу операцияларын тоқтатқан болатын.
Еске салайық, 28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға қарсы әскери операция бастаған еді. Соның салдарынан елдің жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеи мен бірқатар жоғары лауазымды шенеунік қаза тапты. Осыдан кейін Иран тек Израильдегі нысандарға ғана емес, сондай-ақ АҚШ пен оның одақтастарының әскери базалары орналасқан Сауд Арабиясы, Катар, Біріккен Араб Әмірліктері, Оман, Бахрейн, Ирак және Кипрдегі нысандарға да соққы жасай бастады.