Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы модератор Шұғыла Тұрлыбек ІІМ-нің дәстүрлі брифингінде айтты.
БАӘ-дан қазақстандық кәсіпорындарды 60 млн теңгеден астам сомаға алдып кеткен алаяқ қайтарылды. ІІМ Интерполдың ұлттық орталық бюросы Дубайдағы ҚР Бас консулдығы мен Қаржы мониторингі агенттігімен өзара іс-қимыл кезінде Қазақстанға 2015 жылдан бері аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін іздестіріліп жүрген 43 жастағы Төлеген Рамиев қайтарылды, - деді Тұрлыбек.
Ол атағандай, қазіргі уақытта айыпталушы қамауға алынды.
Соңғы 3 айда Интерпол жұмысының нәтижесінде Испания, Ресей, Бахрейн, Грузия, БАӘ, Мажарстан елдерінің аумағынан түрлі қылмыстар үшін іздестірілген 16 адам ұсталды. Мысалы, қаңтарда Мажарстанда хаккерлік әрекет арқылы ақша ұрлғаны үшін Алматы полиция департаменті іздестіріп жатқан Румыния азаматы ұсталды, - деді ол.
Шұғыла Тұрлыбектің айтуынша алаяқ келтірген шығын 9 млн доллардан асады. Оны елге беру мәселелері шешіліп жатыр.