Бақылау бекеттерінде таксилердің бәрін тексеру басталады

30 Шілде 2020, 04:16
3940
Бөлісу:
Бақылау бекеттерінде таксилердің бәрін тексеру басталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ел аумағында Көліктік бақылау бекеттерінің жұмысын ұйымдастыру ережелеріне түзетулер енгізу жобасын әзірледі.

Құжатқа сай, стационарлық және жылжымалы көліктік бақылау бекеттері қазіргідей тек "жүк құраушы аумақтар, автомагистраль қиылыстары мен негізгі халықаралық көлік дәліздерінде" ғана емес, енді "автомобиль жолдарының барлық түрлері мен елді мекендердің көшелерінде" де орнатылатын болады, деп жазады kolesa.kz.

Көліктік бақылау бекеттерінде жүк көліктері, арнайы автокөліктер, автобустар, микроавтобустар мен такси режимінде жұмыс істейтін жеңіл автокөліктер тоқтатылып, тексерілетін болады. 

Жеңіл көлік жүргізушілерінің такси тасымалдаушысы ретіндегі қызмет туралы ескертудің қабылданғаны туралы талоны тексеріледі, сондай-ақ такси ретінде пайдаланылатын автокөліктің заң талаптарына сәйкестігі тексеріледі.



Өзгелердің жаңалығы