БАҚ: AstraZeneca вакцинасын тоқтату неврологиялық симптоммен байланысты

10 Қыркүйек 2020, 11:24
1225
Бөлісу:
БАҚ: AstraZeneca вакцинасын тоқтату неврологиялық симптоммен байланысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл вакцинаның сынақтары тестілеуге қатысушылардың бірінде жұлынның қабыну симптомына ұқсас белгілер пайда болғаннан кейін тоқтатылған еді, деп жазады америкалық медициналық бағыттағы «Stat» журналы.

«AstraZeneca» британдық-швед фармацевтикалық компаниясы Ұлыбританиядағы тестілеуге қатысушылардың бірінде жұлынның қабыну симптомына ұқсас неврологиялық симптомның пайда болуына байланысты коронавирустық вакцинаны сынаудың үшінші кезеңін тоқтатты. Бұл туралы сәрсенбі күні америкалық «Stat» медициналық журналы сәрсенбіде инвесторлармен жеке аудиоконференция өткізген бас басқарушы Паскаль Сориоға сілтеме жасай отырып хабарлады.

Оның айтуынша, науқастың диагнозы нақты расталмаған, бірақ оның жағдайы жақсарып, жақында ауруханадан шығарылуы мүмкін. Stat хабарлағандай, компанияның бас менеджері вакцинаның клиникалық сынақтары бір науқаста бірнеше рет ұмытшақтық белгілері анықталғаннан кейін шілде айында тоқтатылғанын растады, бірақ одан әрі зерттеулер оның вакцинаны қолданумен байланысты емес екенін көрсетті.

AstraZeneca Оксфорд университетінің (Ұлыбритания) ғалымдарымен бірлесіп әзірлейтін вакцинаны сынаудың үшінші кезеңі АҚШ-та тамыз айының соңында басталды, сынақтарға 30 мың ересек адам қатысуда.

АҚШ билігі бұған дейін AstraZeneca-ға Оксфорд университетінің ғалымдарымен бірлесіп вакцина әзірлеу үшін 1,2 миллиард доллар берген болатын. Сонымен қатар, Вашингтон әкімшілігі осы мақсаттарға америкалық «Мoderna» биотехнологиялық компаниясына 486 миллион доллар және фармацевтикалық  «Johnson & Johnson» 456 миллион доллар бөлді. АҚШ-та коронавирусқа қарсы вакцинаны Merck және Pfizer компаниялары жасайды. Ақ үйдің мәліметі бойынша, АҚШ әкімшілігі бұл жобаларға 12 миллиард доллар инвестициялады.

Өзгелердің жаңалығы