БҰҰ Тұрақты үйлестірушісі Қазақстандағы миссиясын аяқтады

26 Тамыз 2020, 14:05
1165
Бөлісу:
БҰҰ Тұрақты үйлестірушісі Қазақстандағы миссиясын аяқтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі Норимаса Шимомураны еліміздегі миссиясының аяқталуына байланысты қабылдады.

Дипломаттар еліміз бен Ұйым арасындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге және кеңейтуге тараптардың өзара ықпалдастығын атап өтті.

БҰҰ өкіліне Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Алғыс хат табысталды. Сыртқы саяси ведомствосының басшысы Тұрақты үйлестірушіге БҰҰ-мен қарым-қатынасты дамытуға қосқан үлесі үшін, сондай-ақ Дүниежүзілік ұйым алаңында қазақстандық бастамаларды ілгерілетуге белсенді қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты, - деп хабарлады СІМ ресми сайты.

Н. Шимомура өз тарапынан Қазақстан Үкіметіне сындарлы ынтымақтастық үшін алғыс айтып, ҚР мен БҰҰ арасындағы берік және сенімді қарым-қатынастардың одан әрі дамитынана сенім білдірді.



Өзгелердің жаңалығы