Алматы, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында Б. Сағынтаев Алматы экологиясын жақсарту үшін қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді.
Оның айтуынша, ЖЭО-2-ні газға көшіру жөніндегі бастама көпжылдық проблеманы шешу болды.
Құрылыс жұмыстары 2022 жылдың наурыз-сәуір айларында басталады. Станцияның бірінші блогын газ отынымен қосу 2023 жылдың соңына жоспарланып отыр. Жаңа станцияның жобасы орнатылған 600 МВт-қа дейін электр және 957 Гкал/сағ жылу қуатын қарастырады. Электр станциясы экологиялық таза отын – табиғи газда болады. Ол жылу мен электр энергиясын бірлесіп өндіру – когенерация қағидатын пайдалана отырып, заманауи бу-газ технологиялары бойынша салынады,-деді Б. Сағынтаев.
Станцияның 200 МВт үш блогы пайдалануға берілгенде, жаңа жабдық кезең-кезеңімен қолданыстағыларды алмастыратын болады. Электр энергиясы мен жылу өндіру процесі тоқтамайды. Модернизациядан соң қала атмосферасына ЖЭО-2 шығарындылары 15 еседен астам қысқарады екен.
Сонымен қатар ол қоғамдық көлік саласында электр қуатымен және газ отынымен жүретін автобустарды сатып алынып, электротакси қызметі дамып жатқанын жеткізді.
Сонымен қатар, қала тұрғындарын мегаполистің түрлі бөліктерінде ауа сапасы туралы ақпараттандыру жобасы іске қосылды. Ақпарат қаланың 49 LED-экранындағы 41 датчиктен келіп түседі, сондай-ақ «Алматы» телеарнасында көрсетіледі. Сонымен қатар, биыл ауа мониторингі бойынша 60 датчик орнату және «Сергек» жүйелері мен шығарындыларды тіркеу және қала бойынша қозғалысты бақылау бойынша ПД-нің базасын интеграциялау жоспарлануда. Жасыл қорды дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жалпы, қалада 2,6 млн ағаш бар, оның 23%-ы ескі. «Жасыл Алматы» бағдарламасы аясында 530 мыңнан астам ағаш отырғызылды. Биыл 190 мың ағаш отырғызылады, бүгінде оның 115 мыңға жуығы отырғызылды,-деді Алматы әкімі.
Қалаға кіре берісте 15 экопост орнатылған, тағы 4-еуі ағымдағы жылдың соңына дейін орнатылады. Барлық бекеттер өлшеуге арналған жабдықтармен, бейнебақылау камераларымен жабдықталған. Осы жылдың 20 наурызынан бастап 140 405 өлшем орындалды, оның ішінде 21 913-те зиянды заттардың артуы.
Келесі жылдан бастап 3 жылжымалы экологиялық бекет пен 1 зертхана іске қосылады. Қазіргі уақытта экологиялық нормаларға сәйкес келмейтін көлік құралдарын анықтау бойынша рейд жүргізілуде. 2 550 көлік тексерілді, пайдаланылған газдардағы зиянды заттардың асып кетуі 519 автокөлікте анықталды. Тексерілген автокөліктің жалпы санының 23%-ы экологиялық нормаларға сәйкес келмейді. ЕҚДБ «Жасыл қалалар» бағдарламасы аясында Экология және қала дамуы мәселелерін шешу үшін «Жасыл қала» жоспарын әзірлеуде,-деді ол.
Сондай-ақ, ол қоршаған ортаны жақсартудың тұрақты тетіктерін құру үшін «Big Apple» жобасы, агломерацияның ТҚҚ басқару бағдарламасы, Алматының жасыл белдеуін дамытудың 10 жылдық жоспары, агломерация атмосферасының динамикалық моделін құру және оның жұмыс істеуін қолдау үшін МЖӘ, жаңартылатын энергия көздерін дамыту Бағдарламасы, электр көлігі үшін зарядтау инфрақұрылымын құру және қолдау үшін МЖӘ және т. б. әзірленіп жатқанын жеткізді.